$ 498.34  519.72  4.85

Леффлер Головкиннің не үшін ЭКСПО аясында жекпе-жек өткізбегенін түсіндірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында неліктен жекпе-жек өткізбегенін түсіндіріп берді. Vesti.kz порталына сұхбат берген америкалық маман Головкиннің келер жылы Қазақстанда үлкен бокс кешін өткізуі мүмкін екенін де мәлімдеді.

Леффлердің айтуынша, GGG өз отанында, өз жанкүйерлерінің алдында жекпе-жек өткізуді қалайды екен.

"Бұл жолы сәті түспеді, өйткені уақытымыз өте тығыз болды. Джейкобспен болған кездесу 12 раундқа созылғанын жақсы білесіздер. Ауыр болды. Егер ЭКСПО аясында жекпе-жек өткізгенімізде Альвареспен болатын кездесуге дайындалып үлгермейтін едік. Геннадий Қазақстанда жұдырықтасқысы келді. Бірақ, біз тәуекелге бел буа алмадық. Альвареспен өтетін жекпе-жек бокс тарихындағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Біз мұндай мүмкіндіктен айрылып қалғымыз келмеді. Ал, Қазақстанда Головкин келер жылы өнер көрсетуі мүмкін, қазір оның менеджерлері осы жағын қарастырып жатыр", - деді Том Леффлер.

Еске салайық, осы жексенбі күні таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары