$ 439.4  473.54  4.76

GGG vs Canelo: "Ғасыр жекпе-жегі" тең аяқталды

Лас-Вегастың T-Mobile аренасында көптен күткен "ғасыр жекпе-жегі" жеңімпазын анықтай алған жоқ. Орта салмақтың әлемдегі ең үздік екі боксшысы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесу тең аяқталды.

12 раундқа созылған жекпе-жек барысында Головкин қарсыласынан әлдеқайда басым көрінген. Алайда, үш төрешінің бірі жеңісті Альвареске, екіншісі Головкинге берсе, үшінші төреші матч тең аяқталды деп есептеген. Дегенмен, бұл нәтиже қазақстандық боксшының WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін сақтап қалуына кедергі болған жоқ.

Бүкіл 12 раунд бойына GGG қарсыласына рингтің ортасын бермей, басымдықты өз қолына алған болатын. Дегенмен, "Канело" өзіне ауыр соққы дарытпай, мүмкіндігінше қарымта шабуылдарға шығып отырды. Мексикалық боксшы аз ұрса да соққылары дөп тиіп жатты деп есептейді төрешілер. Сондықтан, кездесуді тең аяқтауға шешім шығарыпты.

T-Mobile аренаға жиналған жанкүйерлердің көбі төрешілердің шешіміне көңілдері толмай, көпке дейін наразылығын ысқырықтармен және айқаймен білдірген. Дегенмен, шешім өзгеріссіз қалды. Енді қос боксшы шын жеңімпазды алдағы жылдың көктемінде анықтауы мүмкін. Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта Головкин де, Альварес те міндетті түрде екінші кездесу өткізуге уағдаласып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары