$ 443.37  474.49  4.83

Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді

Күні кеше Лас-Вегаста 37-ші кездесуін өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жегін өткізбекші деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, GGG желтоқсан айында өз титулдарын қорғау үшін кезекті рет рингке шығуы жоспарланған. Алайда, оның қарсыласының кім болатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, кеше таңертең Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізген болатын. 12 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмай, ойынды тең нәтижемен аяқтады. Дегенмен, бокс мамандарының көбі төрешілердің бұл шешімін қате екенін, Головкиннің сөзсіз жеңіске жеткенін әлі айтуда.

Жекпе-жектен кейін сұхбат берген қос боксшы алдағы жылы міндетті түрде рингке қайта шығып, шын мықтыны анықтауға уағдаласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары