Ақтөбеде дағдарыс орталығы үшін қалпына келтірілген ғимарат спортшылардың қонақ үйіне айналды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Ақтөбеде әйелдерге көмек көрсету үшін қалпына келтірілген ғимарат спортшылардың қонақ үйіне айналды. Қазір мұнда шағын футболдың ойыншылары мен легионерлер жатыр.
«Ойыншыларға, ленионерлерге, жаттықтырушыларға пәтер беріп, жатын орынмен қамтамасыз еттік. Ал биыл бәрі қонақ үйге орналастырылды. Қонақ үйге кететін шығын туралы ақпарат бере алмаймын», — деді «Ақтөбе» ФК бас директоры Мақсат Тюмалиев.
Айта кетейік, ғимаратта шағын футбол ойыншылары, жаттықтырушылар тұрады. Легионерлермен қоса есептегенде 40-қа жуық адам бар.