ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткелі жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі.
"Санаулы күндер қалды. Олимпиада ойындарының ашылуын тағатсыздана күтеміз. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Елге медальмен оралады деп үміттенемін", - деді Үкімет басшысы.
Ал, Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин болса Премьер-министр мен халықтың үмітін ақтап, қоржынға жоқ дегенде бір медаль салуға уәде берді.
Еске салайық, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.