$ 494.87  520.65  4.91

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырда өтетін болды (ВИДЕО)

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзара екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімге қол қойды.

Бұл туралы боксшылардың өздері мен олардың промоутерлері HBO телеарнасы түсірген арнайы видеороликте мәлімдеді. Аталған телеарна жекпе-жекті ақылы тікелей трансляция (PPV) арқылы көрсетеді.

Келісім бойынша жыл жекпе-жегі биыл 5 мамырда өтеді. Бұл күн Мексикада ұлттық мереке Синко де Майо аталып өтеді. Яғни, осы мерекені пайдаланып, ұйымдастырушылар трансляция сатылымын еселеп арттырмақ ниетте.

Әзірге жекпе-жектің өтетін орны белгісіз. Бұған дейін үміткер қалалардың қатарында Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас бар тұғын. Ұйымдастырушылар бұлардың қайсысын таңдап алғанын әзірге айтпай отыр.

Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал, Альварес болса өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.

HBO телеарнасы жариялаған видеороликте Геннадий Головкин "Бізге бұл жолы төрешілер қажет емес" деп мәлімдейді.
Еске салайық, былтыр қос боксшының арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған болатын. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары