$ 494.87  520.65  4.91

«Легионерлермен емес, газонмен айналысыңыз»: Станимир Стойлов Арыстанбектің бастамасын сынға алды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «қазақ футболындағы легионерлер санын қысқарту керек» деген бастамасын сынға алды.

Еске салайық, мәдениет министрі Атырауда спортшылармен кездесу барысында футболды легионерлерден тазалау мәселесін көтерген болатын. Мұхамедиұлының пікірінше, қазақстандық клубтарда тек Қазақстанда тәрбиеленген футболшылар доп тебуі керек екен. Ал, Стойлов болса министрдің бұл идеясын ешқандай ақылға қонбайтын бастама деп бағалап отыр. Расымен де, өнер адамының спортқа реформа жасауы тарихта алғаш рет шығар...

«Мен мұндай мәселенің не үшін көтерілгенін де түсінбеймін. Мен өзім Еуропада тұрамын, мұнда жергілікті футболшылар және легионерлер деп ешқашан бөлінбейді. Футболшыларды жақсы ойнайтын және ойнай алмайтын деп бөледі де, мықтыларын алаңға шығарады. Легионерлерге лимит қою мәселесін тек Қазақстан мен Ресейден ғана көрдім. Енді қарап көріңіз, Ресей немесе Қазақстан осындай өзгерістен кейін әлем чемпионы болып кетті ме? Менің айтарым, клубтар балалар футболын дамытып, шеттен мықты легионерлерін алып келулері керек. Легионерлерсіз Еуропада ойнау мүмкін емес», - дейді «Астана» бапкері.

Оның айтуынша, кеше ғана «Астана» жеңіліп қалған лиссабондық «Спортинг» клубындағы ойыншылардың 70 пайызы легионерлерден тұрады екен.

«Менің командамда легионер жоқ, тек жақсы ойыншылар ғана бар. Министр легионер мәселесімен емес, сапалы алаң, инфрақұрылымы жақсы стадиондар салумен айналысуы тиіс. Не үшін елде ешкім құрылыспен айналыспайды?» - дейді Стойлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары