13.05.2018, 07:27

Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы 7-кездесуін жеңіспен аяқтады

 

Америка құрама штаттарында Қазақстан намысын қорғап жүрген кәсіпқой боксшылардың тағы бірі жеңісті жолын жалғастырды. Бокстан олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы Дәурен Елеусінов бүгін кәсіпқой рингтегі 7-ші кездесуін өткізіп, оны да жеңіспен аяқтады.

Жекпе-жек Америка Құрама штаттарында өтті. Қазақ боксшысы америкалық Джаван Джонмен кездесіп, оны үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал, Даниярдың өзі болса келесі жекпе-жегін 6 маусым күні Лондонда өткізеді. Оның қарсыласының кім болары әлі белгісіз.