03.06.2018, 10:20

Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға мегаполистің бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды.

Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі де қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Еске салайық, күні кеше ғана Елбасымыз Шымкенттің Қазақстандағы мегаполистер қатарына қосылғаны жайында жария етті. Көптен күткен бұл жаңалықты миллионды мегаполистің тұрғындар қуана қабылдады. Қалада осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.