$ 494.87  520.65  4.91

АЗИАДА-2018: Дмитрий Баландин қола жүлдемен шектелді

Индонезия астанасында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Рио олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Алтын мен күмісті Қытай және Жапония спортшылары алды деп жазады Азаттық.

Есте болса, Баландин 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында осы қашықтықта алтын алған болатын. Ал, 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында 1 алтын, 5 күміс, 12 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. 22 тамызда таэквондодан Нұрлан Мырзабаев қола иеленді.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары