$ 444.32  473.33  4.76

АЗИАДА-2018: Алексей Луценко Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды салды

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды деп мәлімдеді Азаттық тілшісі. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхонию иеленді.

Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған.

23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова қола медаль иеленген.

Қазірше Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары