$ 444.14  477.05  4.85

Еуропа лигасы: «Астана» сырт алаңда АПОЭЛ-ге есе жіберді

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші ойында «Астана» Кипрдің АПОЭЛ командасына есе жіберді. Никосияда өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті деп жазады Vesti.kz.

Сырт алаңдағы елордалық команданы Григорий Бабаян бастап барды. Команданың бас жаттықтырушысы Роман Григорчук уақытша демалысқа кеткен болатын.

Ойында АПОЭЛ командасына жеңіс сыйлаған голды 79 минутта Кажу соқты. Стандартты шабуыл кезінде алаң иелерінің көздегені орындалды.

Екінші тайм басында Педро Энрике гол соққан-ды. Алайда төрешілер оффсайд болғанын аңғарып, голды есепке алмады. Ал, «Астананың» бірінші таймда гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ сәттілік серік болмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары