$ 443.85  474.3  4.8

АЗИАДА-2018: Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында екінші алтынын алды. Ол жекелей жарыста жеңіске жетті. Күмісті өзбекстандық Мироджан Калмуратов, қоланы жапониялық Фумиюки Беппи иеленді деп жазады Азаттық.

Луценко 23 тамызда өткен топтық жарыста да жеңіске жеткен. Қазақстан велоспортшысы 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында бір рет чемпион болған.

Қазақстан Азия ойындарында 3 алтын, 7 күміс, 19 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 11-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары