$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда Денис Тенге арналған көрме өтеді

Тамыздың 26-сы күні Алматыда марқұм спортшы Денис Тенге арналған сурет көрмесі өтеді деп хабарлайды жергілікті Азаттық.

"Esentai Gallery залында өтетін сурет көрмесіне Денис Теннің өзі түсірген суреттер, сонымен бірге ол қатысқан спорттық шаралардан фотолар қойылады, достары мен әріптестерінің видеожобалары көрсетіледі. Кіру тегін, кез-келген адам келіп көрсе болады" деді сауда орталығының өкілі.

19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталғаны белгілі болған. Бұған қоса, тағы бір күдікті қамауда.

Спортшының қазасынан кейін қазақстандықтар министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары