$ 494.87  520.65  4.91

АЗИАДА-2018: Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев жүлдесіз қалды

Бокстан 2017 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев (56кг) Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында бірінші айналымда жеңілді. Ол бірінші кездесуінде таи бойксшысы Чатчай Вутдимен кездескен болатын. Бес төреші де жеңісті Таиланд боксшысына берді деп жазады Азаттық.

Қайрат Ералиев 2017 жылы Гамбургте өткен әлем біріншілігінде алтын алған.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында ерлер арасындағы жарысқа жеті боксшы апарған. Жарыс алдында Азаттыққа сұхбат берген құрама бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарында екі алтын алуды жоспарлайтынын айтқан болатын.

Қазір Қазақстан 6 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан ИсраиловаАзия ойындарында жеңімпаз болған.​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары