Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) көркем гимнастикадан командалық жарыста чемпион атанды. Күмісті Өзбекстан, қоланы Оңтүстік Корея алды деп жазады Азаттық.
Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орыннан 10-орынға көтерілді.
Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилов Азия ойындарында жеңімпаз болған. 27 тамызда каратэден Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болған.