Джакартада өтіп жатқан Азия ойындаында қазақстандық Бағлан Ибрагим самбодан ерлер арасында 52 келіде алтын жүлдеге ие болды. Ол финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаллууды жеңді деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Ибрагим жартылай финалда тәжікстандық Хасани Джомиден, Шалуу қазақстандық Бейімбет Қанжановтан басым түскен. Қанжанов бұл салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қазір Қазақстан 12 алтын, 11 күміс, 39 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр.
Есек салайық, Азия ойындары басталар алдында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Джакартадан жалпыкомандалық есепте төртінші орын алып келуді жоспарлап отырғандарын айтқан болатын. Алайда, ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған медальдармен әзірге үздік ондыққа да кіре алған жоқпыз.