Соңғы онжылдықтағы миллионер 20 спортшының тізімі жасалды, деп жазады forbes.kz.
Спортшылар арасынан ең көп пайда тапқан – гольфшы Тайгер Вудс. Оның кірісі $ 845 млн-ға бағаланған. Рейтингтегі екінші орынды боксшы кіші Флойд Мейвезер иеленді. Ол соңғы 10 жылдың ішінде $ 660 млн көлемінде табыс тауыпты. Бұл сомасының тең жартысына, яғни, $ 300 млн-ға Мейвезер Мэнни Пакьяомен мамыр айында өткізген жекпе-жектен соң ие болған екен.
Ал спортшылардың алғашқы үштігінде баскетболшы Коби Брайант түйіндеп тұр. Брайанттың соңғы он жылдағы табысы – $ 475 миллионды құрап отыр.
Алайда,осы тізімге Майкл Джордан, Арнольд Пармер сынды зейнетке шыққан спортшылар енген жоқ.
Үздік 20 спортшының қатарына енген жалғыз спортшы қыз – ресейлік Мария Шарапова. Ол 10 жылда $ 250 млн пайда көріп, бай спортшылардың ішінде 18-ші орынға тұрақтаған.
Ең көп табыс тапқан үздік 10 спортшы:
Тайгер Вудс, гольф ($ 845 млн) Флойд Мейвезер, бокс ($ 660 млн) Коби Брайант, баскетбол ($ 475 млн) Леброн Джеймс, баскетбол ($ 472 млн) Фил Микельсон, гольф ($ 468 млн) Роджер Федерер, теннис ($ 455 млн) Дэвид Бекхэм, футбол ($ 441 млн) Мэнни Пакьяо, бокс ($ 432 млн) Криштиану Роналду, футбол ($ 407 млн) Лионель Месси, футбол ($ 350 млн).