$ 480.55  533.75  5.36

Универсиадаға жаңа директор тағайындалды

Әсет Әбдуалиев Универсиада директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол бұған дейін  «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры қызметін атқарған. 

Әсет Әбдуалиев 1984 жылы 8 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аяқтаған, Ұлыбританиядағы University of Dundee университетінде Chevening бағдарламасы арқылы оқып, магистр атанған. Сонымен қатар, АҚШ-тың Winthrop University университетінде білім алған. Еңбек жолын ол 2002 жылы бастады. Әр жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, «Болашақ» стипендиясының әкімшісі болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде және халықаралық компанияларда қызмет атқарды.

Универсиаданың бұрынғы директоры Илья Оразақов «Алматы» телеарнасының бас продюсері болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары