Халықаралық бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы келесі кездесуін міндетті түрде Головкинмен өткізу керектігін тағы да айтты, - деп хабарлайдыVesti.kz.
«Котто-Альварес жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуы керек, - деді Сулейман. - Котто мен Альварес бокстың элитасы. Ал Головкин олармен бір деңгейде тұрғанын дәлелдеді. Бұл тарихта қалатын жекпе-жектердің бірі болады».
«Егер тараптар келісімге келе алмаса, WBC Котто-Альварес жеңімпазын Головкинге қарсы чемпиондық белбеуді қорғауды міндеттемейді. Келіссөздер жекпе-жек аяқталғаннан кейін бір аптадан соң басталады», - деді ол. Сулейман олардың арасындағы кездесудің келесі жылы наурыз немесе сәуір айында болатынын айтты.
Еске сала кетейік, Котто мен Альварес арасындағы кездесу 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді.