Сәуірдің 6 және 7 күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан «Koktem open-2019» халықаралық ашық турнирі өтеді. Бұл туралы қазақстандық ақпараттық орталығы хабарлады.
Жарыстың бірінші күні 4-17 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар жарыс жолына шығады.
Турнир ABB аренада IBJJF халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі.
Турнирдің басты мақсаты елімізде бразилиялық джиу-джитсу спорт түрін дамытып, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және арнайы медальдар табысталады.
Дереккөз: BAQ.KZ