Спорт 04.05.2019 сағат 03:32

«Канело» мен Джейкобс салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қалды

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» мен Джейкобс салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көз арбасу кезінде боксшылар жанжал ұйымдастырып, оларды команда өкілдері мен ұйымдастырушылар ажыратты. 

Еске салайық, Альварестің салмағы 159,5 фунт болса, Джейкобстікі 160 фунтты көрсетті. Орта салмақтағы лимит  160 фунтты құрайды.

«Канело» - Джейкобс жекпе-жегі 5 мамыр күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Боксшылар үш әлем чемпионы титулы үшін таласады - WBA Super, WBC және IBF. Олардың барлығы былтыр қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі болған еді. Головкин IBF белбеуін оны қорғауға міндетті айқастан бас тартқаны үшін жоғалтса, қалған үш белбеуді Альвареспен рематчта жеңіліп, айырылып қалды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар