$ 447.4  477.55  4.76

ТЕННИС: Зарина Дияс Жапониядағы ITF турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жеңімпазы атанды деп жазды inform.kz.

Осы турнирдің үшінші, әлемнің 115-ракеткасы З.Дияс финалда рейтингте 190-орында тұрған тайваньдық Энь Шо Лянмен күш сынасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Осылайша Зарина Дияс жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың чемпионы атанды. Жалпы, Заринаға жапон жері жағады деуге болады. Бұдан екі жыл бұрын қазақстандық теннисші Токио турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл оның WTA турнирлеріндегі алғашқы жеңісі болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары