ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры елордадағы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» III Паралимпиялық старттарын ұйымдастырды.
Жарыс өткізудің мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету және қоғам арасында толеранттық көзқарас қалыптастыру.
Қазақстан – 2050 даму Тұжырымдамасындағы басым бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, соның ішінде жастар мен балалар арасында СӨС қалыптастыру, жаппай спортты дамыту.
«Өткізіліп жатқан дода жас дарындарды анықтап, қолдауға және оларға баға жетпес тәжірибе жинақтауға көмектесумен қатар, жаңа дос тауып, бір-бірімен араласуға септігін тигізеді. Берік ұстанымыздың арқасында біздің белгілі спортшыларымыз – Павел Муравьев, Зульфия Габидуллина және т.б. секілді жоғары нәтижелерге жете білесіңдер деп сенемін», - деді өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.
Республикалық Паралимпиялық старттарға қатысу үшін елордаға 14 пен 18 жас аралығындағы 170 жасөспірім жиналды.
Елдің он облысынан (Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола облысы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы) келген қатысушылар алты жарыс түрінен сайысты. Олар: волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, армрестлинг және арба биі.
- Мен Нұр-Сұлтан қаласына «Арба биі» бойынша жарысқа қатысу үшін келдім. Өзімнің нөмірлеріммен облыста және Ресейде көп рет сахнаға шықтым. Жуырда «BI Жұлдызай» Халықаралық шығармашылық Фестивалінде екінші орын алдым. Оған қоса 9 жасымнан бастап шахмат ойнаймын. Болашақта шахмат бойынша да жарыстарға қатысқым келеді. Белгілі Максим Седаков сияқты жетістіктерге қол жеткізгім келеді және болашақта жүруді армандаймын, - дейді Шығыс Қазақстан облысынан келген 12 жастағы қатысушы Алексей Журавлев.
- Мен волейболдан жарыстарға қатыстым. Бұл спорттың сүйікті түрлерінің бірі. Былтырғы Паралимпиялық страттарда біз бірінші болдық. Оңай болған жоқ, бірақ қолымыздан келді! Ештеңе оңай берілмейді. Мен оны түсінемін. Еш қиындыққа қарамастан, көздегеніме жетуге тырысамын, - дейді Павлодар қаласынан келген жас спортшы 17 жасар Жанболат Елубай.
Жарыс күнінің нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей:
- жүзуден – 1-орында Константин Тюрин (Шығыс Қазақстан облысы), 2-орында Михаил Савельев (Ақмола облысы), 3-орында Андрей Потолов (Қызылорда облысы);
- армрестлингтен – 1-орын Жәнібек Әскербековте (Шығыс Қазақстан облысы), 2-орында Еламан Ерлік (Солтүстік Қазақстан облысы) және 3-орында Егор Буруджа (Павлодар облысы);
- тоғызқұмалақтан 1-орынға Бекзат Мухиденов (Шығыс Қазақстан облысы), 2-орынға Сәбитхан Араппаев (Қарағанды облысы), 3-орынға Сабрина Алпысова (Павлодар облысы) ие болды;
- шахматтан 1-орында Султан Қожахметов (Нұр-Сұлтан қ.), 2-орында Артем Ковальский (Алматы қ.), 3-орында - Бекзат Бақытбек (Қызылорда облысы);
- арба биі бойынша үздіктер - Сергей Богдашин мен Эвелина Хлебнова (Павлодар облысы), 2-орын Алексей Журавлев пен Алена Кривохижинада (Шығыс Қазақстан облысы), 3-орында Аңсар Қошығұлов пен Айжан Асанова (Қарағанды облысы).
- волейболдан 1-орында Павлодар облысының командасы, 2-орында – Солтүстік Қазақстан облысы, ал 3-орында Қостанай облысы.
Жалпы командалық есеп бойынша Шығыс Қазақстан облысының балалары үздік болды, екінші орында Павлодар облысы, үшінші орын Нұр-Сұлтандықтарда.
Айта кетейік, оған дейін екі рет өткізілген Паралимпиялық старттарда Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы және Павлодар облыстарының балалары алты рет жеңімпаз атанды. Үш рет Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының командалары мықты болды. Жамбыл облысының балалары екі рет, ал маңғыстаулықтар бір рет жеңіске жеткен еді.