13.06.2019, 11:05

Зидан мен Исконың үйін тонап кетті

Фото: Спорт день за днем
Осы оқиғадан кейін футболшылар қауіпсіздік сақтау мақсатында басқаларға үй ішіндегі суреттерін желіге жарияламауға кеңес берді.

«Реал» футбол клубының бас бапкері Зинедин Зидан мен жартылай қорғаушы Иско ұрылардың құрбаны болды, деп хабарлайды eurosport.ru.

Қарақшылар үй иелері болмаған кезде арам ойларын жүзеге асырған. Осы оқиғадан кейін футболшылар қауіпсіздік сақтау мақсатында басқаларға үй ішіндегі суреттерін желіге жарияламауға кеңес берді.

Соңғы уақытта футболшылардың үйіне ұры жиі түсетін болған. Олардың қатарында Жорди Альба, Кевин-Принс Боатенг, Карим Бензема, Хоакин, Жерар Пике, Эсекиэль Гарай, Жоффре Кондогбиа және Альваро Мората бар.