Аталмыш халықаралық турнир бірнеше жас санатында өтті. Турнирге бірнеше мемлекеттен жас атлеттер келіп, қатысушылардың жалпы саны 100-ден асты. Негізгі категорияда - «сеньорлар» - алты елден келген 17 гимнаст бақ сынады. Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Украина өкілдері медальдар үшін өзара сынға түсіп, керемет өнерлерімен қала тұрғындарының, қала қонақтарының көңілінен шыға білді деп айтуға болады.
Енді, жарыс нәтижесінде келсек, 74,55 ұпай жинаған отандасымыз Роза Әбітова жеңіске жетті. Белаорусиялық Анна Каменщикова 70,8 баллмен күміс медальді жеңіп алса, Өзбекстан атынан сынға түскен Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпай иемденіп, тұғырдың үшінші сатысынан көріне білді.
«SN.kz» - ақпарат»