Аламан күрес турнирі Халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Додаға Ресей, Түркия, Бразилия , Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның барлық облысынан 200-ден астам спортшы қатысты. Ермек Байдуашев - Күрес және жекпе-жек спорт түрінен олимпиада мектебінің директоры: «Боз кілемдегі бәсекелер аса тартыспен басталды. Олай болатыны алда Нұрсұлтан қаласында Токио олимпиадасына жолдама беретін әлем чемпионаты өтеді. Оған қызу дайындалып жатқан Ресей ,Өзбекстан құрамасы да мықты екендіктер бүгінгі сайыста көрсетіп жатыр. Ал өңірімізден 4 спортшы қатысады деп күтілуде».
Жиын барысында қала құрамасының бапкерлері Әбдірахман Арқарбеков пен Оразбек Медеубеков "Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағын алды. Марапатты Түркістан облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев табыс етті. Әбдірахман Архарбеков грек-рим күресінен құраманың бас бапкері: «Бұл турнирдің маңызы зор. Басты мақсат – шетелден келген спортшылармен қарым-қатынасты нығайту, жастарды спорттық тәрбиеге баулу». Белдесуде басым болған дарабоздар ертеңгі финалда бас жүлдеге таласатын болады.
«SN.kz» - ақпарат»