Спорт 09.08.2019 сағат 11:55

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар нешінші орында? WBC рейтингісі жаңартылды

Ал орта салмақта Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) көш бастап тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24-тен 25-орынға сырғыды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар нешінші орында? WBC рейтингісі жаңартылды
Фото: КТК
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) 17-орынды сақтап қалды. Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) үш сатыға төмендеп, 35-орынға табан тіреді. 

Ал орта салмақта Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) көш бастап тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24-тен 25-орынға сырғыды. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) 26-орыннан түсіп, 30-позицияға орналасты. 

Бірінші орташа дивизион өкілі Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) бір саты жоғары көтеріліп, 32-ші атанды. Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі спортшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 19-орыннан 16-ға шықты. 

Бұған дейін 37-орында болған жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов (10-4, 4 КО) енді тізімде 38-інші болып тұр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 14:50 Ескі үйдегі елес
Қызықты материалдар