Лондондық «Челси» футбол клубының бас бапкері Жозе Мауринью қызметінен босатылды. Бұл жайында BBC News хабарлап отыр.
14 желтоқсан күні «Челси» сырт алаңда турнир көшін бастап келе жатқан «Лестер Сити» клубынан 2:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Маусым басталғалы барлығы 16 ойын өткізген Мауринью шәкірттері қазір турнир кестесінің небәрі 16-шы сатысында.Дегенмен, Еуропа чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан лондондық команда топтық кезеңнен плэй-офф ойындарына сәті шықты.
Айта кету керек, Мауринью мен «Челси» арасындағы келісімшарт 2019 жылға дейін жасалған. Егер ол бұзылған жағдайда клуб басшылары португалдық маманға 37,5 миллион фунт стерлинг төлеуі тиіс. Дегенмен, өтемақы мәселесі жайлы әлі нақты мәліметтер жоқ.
54 жастағы Жозе Мауринью «Челсиды» 2004-2007 жылдар аралығында да жаттықтырған болатын. Ол кезде лондондық клуб Англия біріншілігін екі рет, ел кубогі мен суперкубогін бір-бірден жеңіп алған. Ал, 2008-2013 жылдар аралығында ол «Интер» мен «Реалға» бас бапкер болды. Мұнан кейін қайта Лондонға келген Мауринью «Челси» тізгінін ұстап, былтыр АПЛ-ды жеңіп алды.