$ 443.35  475.54  4.82

Л.Месси 2015 жылдың ең үздік футболшысы атанды

Испандық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси 2015 жылдың ең үздік футболшысы ретінде Еуропа футбол клубтары ассоциациясының (ECA) Globe Soccer Awards жүлдесін жеңіп алды. Жүлдені табыстау рәсімі кеше Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті деп жазады Lenta.ru.

Осынау байқауда Месси «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон мен «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдуды артта қалдырды. 2015 жылы аргентиналық футболшы бес бірдей титулды жеңіп алған. Атап айтқанда, ол өз командасымен бірге Испания чемпионы, Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы, клубтар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, ел кубогінің, УЕФА суперкубогінің иегері атанды.

Ал, ең үздік еуропалық футбол клубы атағы биыл «Барселонаға» бұйырып отыр.

Ең үздік бапкер - Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Марк Вильмотс.
Ең үздік футбол академиясы - «Бенфика.
Ең үздік арбитр - Равшан Ирматов (Өзбекстан).
Ең үздік агент - Жорже Мендеш (Португалия).
Ең үздік президент - Хосеп Мария Бартомеу («Барселона»).

Айта кетейік, 2016 жылдың 11 қаңтарында Цюрих қаласында ФИФА жылдың ең үздіктерін анықтайды, яғни, «Алтын доп» иегері анықталады. Үміткерлердің қатарында Лионель Мессимен бірге бразилиялық Неймар және Криштиану Роналду бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары