$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы $50 000 айыппұл төлейді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстанға спортшыларының допинг күдігіне ілінгені үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Бұл жайында Болгарияның "Фокус спорт" басылымы хабарлап отыр.

Айыппұл тек Қазақстан құрамасына салынып отырған жоқ, сол допинг күдігіне ілінген бірнеше мемлекеттің барлығы да ірі көлемде ақы төлейтін болады. Оның көлемі күдікке ілінген спортшылардың санына байланысты. Мәселен, Әзірбайжанда - 6 атлет, Ресейде - 4 атлет, Қазақстан мен Молдова және КХДР-де үш атлеттен бар.

Осылайша, IWF Әзірбайжанға - 200 000 доллар, Ресейге - 100 000 доллар, қалған едердің барлығына 50 000 доллардан айыппұл салды. Ал, егер осы соманы қандайда бір мемлекет төлемесе, ол Рио олимпиадасына жеңіп алған лицензияларынан айрылады.

Естеріңізге салайық, Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы әлемдік додада топ жарған қазақстандық спортшылардың қанынан тыйым салынған препараттың табылғандығын мәлімдеген болатын. Олар: Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай. Егер федерацияның бұл күдігі дәлелденсе атлеттеріміз ұзақ уақытқа дейін спорттан шеттетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары