$ 479.38  531.63  5.27

Геннадий Головкин Доминик Уэйдті 2-ші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық жанкүйерлердің көптен күткен кәсіпқой бокс кеші небәрі 5 минутқа ғана созылды. 34 жастағы жерлесіміз Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раудтың орта тұсында нокаутқа жіберіп, 35-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өткен жекпе-жекте Головкин "терлеп" те үлгерген жоқ. Бірінші раундтың соңында Уэйд ауыр соққыдан бір құлап тұрғанымен, екінші раундта қазақстандық боксшының ауыр екі соққысынан кейін кездесуді жалғастыра алмайтынын айтты.

Айта кетейік, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин шаршы алаңда өткізген 35 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, 32-ін нокаутпен аяқтаған. Соңғы 22 кездесуін ол уақытынан бұрын аяқтап, нокауттық көрсеткіші жағынан әйгілі Майк Тайсонның алдына шықты.

Головкин осылайша WBA титулын 16-рет, IBO титулын 13-рет, WBC (Interim) титулын 4-рет және IBF титулын алғаш рет қорғап отыр. Бұдан кейін ол WBC тұжырымы бойынша толыққанды чемпион Сауль "Канело" Альвареспен кездесуі мүмкін. Ол үшін Альварес мамыр айында британдық боксшы Амир Ханмен өтетін жекпе-жекте жеңіске жетуі тиіс.

Ал, 26 жастағы Домимник Уэйд болса бүгін алғаш рет жеңілді. Ол бұған дейінгі 18 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен болатын. Уэйд жеңілгеніне қарамастан бүгінгі жекпе-жектен кейін 500 мың долларды иеленеді. Ал, Головкиннің гонорары 2 миллион долларды құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары