$ 445.66  474.58  4.78

Головкин-Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді — Мозли

Көптен күттірген Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте болады. Бұл туралы кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы америкалық Шейн Мозли өзінің Твиттер парақшасында мәлімдеді.

Мозли бұл ақпараттың рас екеніне күмән келтірмеңдер дейді. Алайда, өзінің кімнен естігендігін айтқан жоқ.

«Канело және GGG — 17 қыркүйекте! Бұл уақытта аталған жекпе-жекке бәсекелесе алатын өзге кездесулер болмайды деп үміттенемін. Бұл — жыл жекпе-жегі. Golden Boy Promotions, жақсы жұмыс істедіңдер», — деп жазды Мозли өз парақшасында.

«Сіздер "Канело" мен GGG арасында келісім туралы естімедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіз оны дәл осы жерден бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. “Канело” мен GGG кездесуі 17 қыркүйекте», — деп атап өтті Мозли.

Естеріңізге салайық, Сауль Альварес өткен аптада WBC титулын қорғау үшін британдық боксшы Амир Ханмен жұдырықтасып, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Енді ол келесі жекпе-жегін Геннадий Головкинмен өткізуге міндетті. Егер бас тартса WBC қауымдастығы чемпиондық белбеуді одан тартып алады. Қауымдастық қос боксшының келісім жүргізуіне небәрі 15 күн уақыт берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары