$ 449.58  486.94  4.86

«Канело» Головкинге жекпе-жексіз берілді

Көптен күткен Головкин-Альварес жекпе-жегі орын алмайтын болды. Мексикалық боксшы WBC титулынан бас тартып отыр. Яғни, енді аталған белбеу «заңды иегері» Геннадий Головкинге беріледі.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Сауль Альварестің командасы Golden Boy Promotions басшыларынан жекпе-жектің болмайтыны туралы мәлімдеме алған. Сауль «Канело» Альварес WBC чемпиондық белбеуінен бас тартады деді Оскар Де Ла Хойя.

Осылайша қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO, IBF титулдарына WBC чемпиондық белбеуін де қосып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары