$ 494.87  520.65  4.91

«Севилья» Еуропа лигасын үшінші жыл қатарынан жеңіп алды

Кеше Швейцарияның Базель қаласында футболдан Еуропа лигасының финалдық кездесуі өтті. Ақтық сында Англияның «Ливерпулімен» кездескен испандық «Севилья» биыл үшінші жыл қатарынан құрлық біріншілігін жеңіп отыр.

«Санкт-Якоб Парк» стадионында өткен матч 3:1 есебімен «Севилья» пайдасына шешілген. Ойындағы бірінші голды 35 минутта ағылшын командасының шабуылшысы Дэниел Старридж соққан болатын. Мұнан кейін екінші таймда испандықтар қатарынан үш рет Миньоле күзеткен қақпадан саңлау тауып, қарсыласын ойсырата жеңді. Гол авторлары: Кевин Гамейро (46 минут) және Коке (64, 70 минуттар).

«Севилья» осылайша Еуропа лигасын үш жыл қатарынан жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанып отыр. Бұл үш титулды да андалуизиялық клуб бапкер Унаи Эмеридің жетекшілігімен жеңіп алды.

«Севилья» өз тарихында аталған кубокті бес рет еншілеген. Алғашында 2006 және 2007 жылдары УЕФА кубогін иеленсе, 2009 жылы жарыстың атауы өзгеріп, соңғы үш жылда клуб Еуропа лигасында топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары