Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. Британдық боксшы Джош Келлимен жұдырықтасқан жерлесіміз қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, үш раунд бойы айқын басымдықпен жеңіске жетті, есеп 3:0 (30-27, 30-27, 30-27).
Жекпе-жектен кейін тілшілерге сұхбат берген Елеусінов қарсыластарын рингке шықпай жатып психологиялық тұрғыдан да жеңе білу керектігін айтып қалды. Ол қазір ширек финалдық кездесуіне дайындалып жатыр. Ал, біз назарларыңызға Данияр мен британ боксшысының жекпе-жегін ұсынамыз.