$ 448.15  483.46  4.86

Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлы Алжир боксшысын жеңіп, ширек финалға шықты

Бүгін Рио шаршы алаңында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан боксшылар ширек финалдың жолдамаларын сарапқа салды. Алжирлік Аббадимен жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы үш раунд бойы қарсыласынан басым түсіп, жекпе-жекті өз пайдасына шешті.

Алғашқы раунд басталысымен қазақ боксшысы басымдықты өз қолына алып, Риоға тек жеңіс үшін келгенін тағы бір көрсетті. Төрешілер де үш раунд бойы Жәнібектің қарсыласынан үстем болғанын мойындап, 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебін тіркеді. Енді жерлесіміз ширек финалда бағын сынап көреді.

Естеріңізге салайық, Қазақстан боксшыларынан 91 келіде өнер көрсететін Василий Левит жартылай финалға алғашқылардың бірі болып жолдама алды. Ал, кеше 1/8 финалда жұдырықтасқан төрт боксшымыздың үшеуі - Қайрат Ералиев, Данияр Елеусінов және Әділбек Ниязымбетовтер ширек финалға шықса, 64 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов жеңіліп қалды.

Бұған дейін 49 келідегі Біржан Жақыпов пен 60 келідегі Берік Әбдірахмановтар да жарысты ерте аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары