$ 487.24  529.34  5.02

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Мадридтің «Реал» футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы, даңқты футболшы Криштиану Роналду өзін ақшасы көп гомосексуал деп атады. Бұл туралы испандық Cope басылымы жазып отыр.

Бұл сөздерді Роналду «Атлетико» жартылай қорғаушысы Кокемен болған ерегіс кезінде айтып қалған. Коке португалдық футболшыны гей деп келеке еткен көрінеді. Роналду болса «Иә, мен геймін, есесіне менде ақша өте көп. Ал, сен жексұрынсың» деп жауап қатқан.

Айта кетейік, испандық БАҚ өкілдері бұған дейін де Роналдудың гей екенін астарлап жазып жүретін. Тіпті, атақты футболшының яхтада кілең ер жігіттермен демалып жатқан суреттерін де жариялады.

Криштиану Роналдудың 6 жасар баласы бар, алайда әліге дейін үйленбеген. Баланың анасының кім екені де айтылмайды, ол жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары