$ 498.34  519.72  4.85

Британдық боксшы өзінің алғашқы жекпе-жегінде ауыр соққыдан қайтыс болды

Ұлыбританияның Куба Мочик есімді жас боксшысы өзінің әуесқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде ауыр соққы алып, артынша қайтыс болды. Бұл туралы Eurosport.ru порталы хабарлады.

22 жастағы британдық боксшы шешуші үшінші раундта ауыр соққыдан нокаут алған. Есін жимастан дәрігерлер оны рингтен ауруханаға жедел жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Тіпті, жасанды демалдыру аппараты да көмектеспеген.

Боксшы миына қан құйылғаннан қайтыс болған деген болжам айтылуда. Дегенмен, полиция бұл жайтқа байланысты іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары