$ 499.51  525.83  4.62

Шардарада жасөспірімдер арасында бокс турнирі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып 2003-2004 және 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан «Шағалалы Шардара – 2016» облыстық турнирі өтті. Аудандық атлетизм мектебінің спорт залында өткен дүбірлі додаға Шымкент қаласы мен барлық аудандардан жас былғары қолғап шеберлері қатысты.

13 команда жиналған бокс турнирінің ашылу салтанатында №2 аудандық балалар менн жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақыт Ереханов құттықтау сөз сөйлеп,  жарыстың өткізілу мақсатын айтып өтті.

Турнирдің өткізілу ережесімен №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрлан Байысов таныстырған соң шаршы алаңда бокс ойыны қызып сала берді. Кешке дейін созылған бокс турнирінің қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар жеңіс тұғырларынан көрінді.

2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында 26 келі салмақ дәрежесінде жетісайлық Мақсат Еркінбек жеңімпаз атанды. Ақтық сында Мақсатқа есе жіберген жерлесіміз Асылхан Кенішбек ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынға жетісайлық Демеу Оразалы мен сүткенттік Ғабит Мамыр көтерілді.

Осы салмақтағы «Б» тобында Сайрам ауданының сайыпқыран боксшысы Нұрсұлтан Наурызбаевтың бағы жанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ақсу кентінен келген Әлихан Пірімбетов ІІ орынды бағындырса, Егізқұм ауылының ұланы Тоқтар Ермахан мен Көксу ауылдық округінен қатысқан Қуаныш Серікбай ІІІ орынды еншіледі.

32 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшылар арасынан Жетісай қаласынан келген Даниал Пернебайға ешкім шақ келмеді. Оның тағы бір жерлесі Ерасыл Абдулқаппар ІІ орынды иемденсе, ІІІ орынды Сайрам ауданынан келген Бағдәулет Райымқұлов пен Шардара ауданының спортшысы Нұрислам Парсахан қанағат тұтты.

44 келі салмақ дәрежесінде рингке шыққан жерлесіміз Олжас Айдар айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы шымкенттік Әлихан Дінмұхамед ІІ орынды бағындырды. Шымкент қаласынан келіп қатысқан Олжас Әбутәліпов пен Заңғар Кенжебай екеуі ІІІ орынды иеленді.

Осы салмақтағы «Б» тобында өнер көрсеткен спортшылар арасында шымкенттік Алпамыс Қуатбекұлы жеңіс тұғырынан көрінді. Ақсу кентінен келген Данияр Міртәліпов ІІ орынды, Оқушылар үйінен қатысқан Саймедин Шегірбай мен шымкенттік Мұхамед Сапаш ІІІ орынды иеленді.

2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында 30 келі салмақ дәрежесінде жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Сүткент ауылының намысын қорғаған Мейірбек Смағұл жеңісті талассыз жеңіп алды. Тағы бір жерлесіміз, Көксу ауылдық округінен қатысқан Нұртас Ералы жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Сайрамдық Сухраб Розаметов пен жетісайлық Шерхан Құрмановтар ІІІ орынды місе тұтты.

32 келі салмақта күш сынасқан боксшылар арасында тек шардаралықтардың мерейлері үстем болысты. Шардара қаласынан Ринат Жайлыбай жеңіс тұғырына көтерілсе, Сүткент ауылынан қатысқан Нұрғиса Панзарбек ІІ орынға тұрақтады. Қызылқұм ауылының спортшысы Бекжан Бейсен мен Шардара қаласынан қатысқан Аманбек Орынбасар ІІІ орындарды еншіледі.

34 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшылар арасында да сүткенттік Дінмұхамед  Ноғайбектің күші басым болып, чемпион атанды. Ал, ІІ орынды Көксу ауылынан қатысқан Мақсат Нұржігіт иеленсе, ІІІ орынды шымкенттік Арнат Молдыбаев пен Ордабасы ауданының спортшысы Елбасы Саламатов еншіледі.

36 келі салмақта Жетісай қаласының спортшысы Мұқасан Пернебай жеңіс тұғырына көтерілді. Ақсу кентінен келген Ернұр Сыдан ІІ, Ордабасы ауданының спортшысы Саят Файзулла мен Жетісай қаласының спортшысы Жандос Өмірбектер ІІІ орынды иеленді. 

40 келі салмақта жетісайлық Нұрасыл Ахмет мықтылығын мойындатты. Егізқұм ауылының намысын қорғаған Рахым Исмайыл ІІ орынды жеңіп алса, жартылай финалда жеңілген қызылқұмдық Нұрдәулет Базарбай мен жетісайлық Әлібек Пернебай ІІІ орынға тұрақтады.

42 келі салмақта Шымкент қаласының намысын қорғап келген Руслан Құдайбергеннің бағы жанып, жеңімпаз атанды. Русланның жерлестері,  шымкенттік Нұрхан Көбей ІІ, Дияс Жиенбек ІІІ орынды жеңіп алды. Шардаралық Алмат Әжбенбек те жүлделі ІІІ орынды қанағат етті.

46 келіде Қызылқұм ауылының қыраны Нұрсұлтан Сатыбалды жеңімпаз атанды. Сайрамдық Илхам Халмұрадов ІІ, шымкенттік Рахат Асырамов пен жетісайлық Нұржан Садықов ІІІ орындарды еншіледі.

48 келі салмақта да жерлесіміз, Шардара қаласынан қатысқан Мұхамедәлі Есімхан чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Райымхан Қасымбай ІІ орынды иеленсе, қызылқұмдық Сапарғали Пернебай мен сайрамдық Бахадір Кенжебай ІІІ орынды қанжығаға байласты.

50 келі салмақта да жеңіс Шардараға бұйырды. Егізқұм ауылынан қатысқан Бағдәулет Бахрам чемпион атанса, жетісайлық Мейрамбек Байзақ ІІ орынды иеленді. Жетісай қалаының спортшысы Нұрдәулет Есенқұл мен Шымкент қаласының спортшысы Дәулет Сұлтанғали ІІІ орындарды місе тұтты.

52 келі салмақтың бас жүлдесі де Егізқұм ауылына бұйырды. Қарсыластарын жапыра жеңіп шыққан Бағдәулет Орынбасар чемпион атанса, ордабасылық Олжас Төлбасиев ІІ орынды иеленді. Шымкент қаласының қос боксшысы Дияс Амалбек пен Санжар Асқаров жүлделі ІІІ орындарды еншіледі.

70 келі салмақ дәрежесінде өткен бокс сайысында жерлесіміз Дияр Роман айқын басымдықпен жеңіске жетті. Диярға есе жіберген шымкенттік Әділет Әбдуқасымов ІІ орынға тұрақтаса, жетісайлық Ержүніс Тәжімолда мен сайрамдық Бахадір Шадиев ІІІ орынды қанағат қылды.

Жарысқа жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Ахантаев бас төрешілік жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары