$ 448.56  478.03  4.79

«Күйеуің перінің қызына үйленген»: көріпкел жағалаған әйелдің бастан кешкен оқиғасы

Түн ауса болды әлдекіммен сөйлесіп, әзілдесіп жатқанын көріп әйелінің жүрегі ауыратын. Тіпті «маған айтпай көңілдес тауып­ алған ба?!» деген күдік те көңіл түкіпірінен қылаң бергені жасырын емес. Шаңырағы шаттыққа толы отбасының бір күнде өзгеріп сала бергеніне Майра сенер емес.

Осыдан он шақты жыл бұрын болса керек, жасы отыздан асқан Ербол есімді кісі белгісіз бір дертке ұшырады. Әйелі түн ортасы ауғанда күйеуін таппай қалатын. Сарыуайымға салынып күткен отағасы 2-3 күн жоғалады да, қайтып келеді. Қайдан келгенін айтпайды.

Үйге оралғанымен келіншегі  Майраға көз салмайды да. Бұрынғыша еркелетіп, құшақтауды да қойған. Түн ауса болды әлдекіммен сөйлесіп, әзілдесіп жатқанын көріп әйелінің жүрегі ауыратын. Тіпті «маған айтпай көңілдес тауып­ алған ба?!» деген күдік те көңіл түкіпірінен қылаң бергені жасырын емес. Шаңырағы шаттыққа толы отбасының бір күнде өзгеріп сала бергеніне Майра сенер емес.

Арқа сүйер азаматының аудан орталығындағы тұрақты жұмысы да жайына қалды. Әңгімелесіп, сұрақ қойса болды, Ербол­ ашуланып сыртқа шығып кететін. Қарапайым сауалдардың өзіне тұшымды жауап ала алмай басы қатқан келіншегі емші жағалай бастады. Бар ойы – отағасының тұла бойын билеген белгісіз дерттен арашалап алу. Басындағы шытырман ойлардың біржолата нүктесін қойғысы келген ниет пен кезекті көріпкелге барды. Оның әңгімесі Майраны есеңгіретіп жібергендей еді.

"Күйеуің аудандағы жұмысынан қайтып келе жатқанда орта жолда көлігінің жанармайы таусылады. Жол бойында өтіп жатқан машиналардан көмек сұрағысы келіп, көлік­тен түскен оған сонадай бір жерден от ұшқыны көрінген. Демек жақын жерде ауыл бар екен деп соған қарай жүрген ол айдалаға тап болған­ын білмей де қалады. Себебі отқа жақындаған сайын алыс бола түсті. Ербол әбден шаршап діңкелегенде алдында сымбаты сымдай керілген, сұлу жүзді перизаттай қыз қарап тұр еді. Өңі мен түсін айыра алмайтын халде жатқан ол «Әлемде мұнан асқан сұлу әйел заты жоқ шығар» деп ойлайды. Қыз болса­ оны үйіне апарып, сүт ішкізеді. Сонан соң перілер көсемі келіп екеуін үйлендіреді. Яғни сенің күйеуің перінің қызына үйленген. Күйеуіңнен күдеріңді үз, себебі, перінің қызы қазір де сенің отбасыңмен бірге өмір сүруде. Күнде түнде күйеуің саған қарамай өзге біреумен сөйлесіп жатқаны сол – перінің қызы", - деп жауап қатты.

Мұны естіген Майра ақылынан алжасуға сәл қалды. Қайғыға салынып, үй тірліктерін істеуді де қойған. Балаларына қарауға Майраның сіңлісі келіп, қолғабыс етіп жүрді. Майраның бар қолынан келгені жаратқаннан күйеуінің сауығып кетуін тілеу еді. Ал Ербол­ болса, ақыл-есінен айрылған адамша шаңыр­ағына бір күн қонса, үш күн жоғалып, ешкіммен сөйлеспейтін тұйық күйінен арылмады...

(Кейіпкерлердің  есімі  өзгертілген).

Автор: Жазира Қойшыбекова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары