$ 444.22  476.38  4.82

Қуандық Бишімбаевті қамауда ұстау уақыты тағы бір айға созылды

Қуандық Бишімбаевты тергеу абақтысында ұстау уақыты тағы бір айға созылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау уақытын бір айға - 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартуға шешім шығарды. Аудандық соттың шешімі 6 сәуір күні қабылданған", - дейді Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Ұлттық экономика экс-министрі үш айдан бері тергеу абақтысында отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы оны Қызылордадағы шыны зауытына бөлінген ақшадан 1 миллиард теңгені қалтасына басқан деп айыптауда. Бұл қаражатты ол министр болмай тұрып "Бәйтерек" холдингін басқарған кезде жымқырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары