$ 498.34  519.72  4.85

Екі адамның өліміне себепкер болған БҚО мәслихатының депутаты жазадан мүлдем құтылып кетуі мүмкін

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қайдар Қошанов өз көлігімен екінші көлікті соғып, салдарынан екі адамның қайтыс болғаны бұған дейін отандық БАҚТ беттерінде жарияланған болатын. Қазір бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті деп жазады "Уральская неделя" порталы. Алайда, депутат бұл жолы жазадан мүлдем құтылып кетуі мүмкін.

"Қайдар Қошановтың қатысуымен болған жол көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағына сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) іс қозғалды. Қазіргі таңда Қошанов ісіне қатысты екі сараптама тағайындалды: сот-медициналық сараптама және қайтыс болған Вячеслав Лопухин мен оның әжесі Надежда Кондрашкинаның мәйіттеріне жасалатын сараптама. Сондай-ақ, соқтығысқан екі көлікке де сараптама жүргізіледі", - делінген БҚО ІІД-нің хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, Қайдар Қошанов бұл істе күдікті ретінде емес, куәгер ретінде қаралып жатыр екен. Яғни, ешқандай жазаға тартылмауы мүмкін.

Еске салайық, екі адамның өмірін қиған жол апаты биыл 29 наурыз күні орын алған еді. Депутат мінген Toyota Land Cruiser 200 көлігі ВАЗ-21703 көлігіне жол бермей, оны жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Осы апат салдарынан "Жигулидің" тізгінінде отырған 22 жастағы Вячеслав Лопухин мен 63 жастағы оның әжесі Надежда Кондрашкина естерін жимастан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары