$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда жүкті әйелді құрсағындағы сәбиімен өлтіріп алған дәрігерлерге үкім шықты

32 жастағы Гүлдана Жекенова мен оның баласының өліміне 3 дәрігер кінәлі деп танылған. Дегенмен оларға 1 жылдан 3 жылға дейін шартты жаза кесілді деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Сотталушыларға «өздерінің кәсіби міндеттерін дұрыс атқармады» деген айып тағылған болатын. Сот кезінде үшеуі де өз кінәларын мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келуге өтініш білдіріпті. Тіпті жәбірленуші тарапқа 13 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіп, олардың кешірімін де алған. Естеріңізге салсақ, Гүлдана Жекенова былтыр желтоқсанда Атырау қалалық перзентханасында ауа жетпей және жатырының жыртылып кетуі салдарынан көз жұмған еді. Келіншек пен оның шаранасының өліміне байланысты арнайы комиссия құрылған болатын. Олар дер кезінде қажетті ем-домды жасағанда ана мен баланы аман алып қалуға болады деген қорытындыға келген-ді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары