$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде қыз алып қашпақ болған жігіт 4,5 жылға сотталды

Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында 21 жастағы Санат Өмірзақовқа үкім шықты. Жас жігіт үйлену үшін Хромтаудағы орталық базарға барып, көзіне бірінші түскен қызды алып қашпақ болған. Енді ол осы әрекеті үшін алдағы 4 жыл 6 айын түрмеде өткізетін болады.

Үкімді оқу кезінде сотталушы жігіт де, жәбірленген 20 жастағы бойжеткен де көз жастарына ерік берді. Қыз жігітті кешіргенін айтып, судьядан оны түрмеге қамамауды сұраса, Санаттың өзі мұндай қадамға амалсыз барғанын айтып ақталғысы келді.

Сотталған жігіт ұзақ уақыт бойы өзге қызбен көңіл қосып, екеуі үйленуді жоспарлаған екен. Алайда, қызды үйге әкелетін күні ол күйеуге шығудан бас тартып, бүкіл жоспарды бұзған көрінеді. Келін күтіп отырған үйге жалғыз баруға намыстанған Санат болса жолдасын ертіп алып, базар маңыңда көзіне бірінші түскен қызды алып қашқан. Алайда, базар күзетшілерді оларды ұстап, полицияға тапсырыпты.

Енді досына көмектеспек болған Жұмажан Алдабергенов те 5 жылын түрмеде өткізетін болды. Адам ұрлауға көмектескені үшін судья оны осындай жазаға кесіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары