26.07.2017, 11:35

Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары пара алып жатқан сәтте ұсталды (ВИДЕО)

Қарағанды облысында Абай ауданы әкімінің орынбасары Димаш Сүлейменов пара алып жатқан сәтте қолға түсті деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ұлттық бюроның облыс бойынша департаменті мамандары Сүлейменовті 1,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан сәтінде ұстаған.

Бұл қаражатты шенеунік құрылыс компаниясының басшысынан алған. Сол үшін ол "Өңірлік даму-2020" бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысанын тексерусіз қабылдап алуға уәде беріпті.

Қазіргі таңда Сүлейменов Қарағанды қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: видео