$ 498.34  519.72  4.85

Telegram компаниясы ФСБ-ға қарсы Ресей Жоғарғы сотына шағым түсірді

Ресей Жоғарғы соты Telegram компаниясының Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қарсы шағымын қабылдады. Компания өкілдері арнайы қызметтің мессенджерден қолданушыларының мәліметін талап етуін заңсыз деп тануды сұрайды деп жазады Азаттық.

16 қазанда Мәскеу соты Telegram-ға ФСБ-мен жұмыс істесуден бас тартқаны үшін 800 мың рубль айыппұл салған. Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров ФСБ-нің бұл талабы Ресей Конституциясының "әр азаматтың жазысқан хаттарын құпия ұстауына құқығы бар" деген ережесіне қайшы келетінін айтады.

Желтоқсанда Мәскеудің Мещан аудандық соты Telegram-ның айыппұл төлеуге қарсы шағымын қарамай тастаған. Ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесі Ресейде Telegram-ды бұғаттау құқығына ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары