$ 494.87  520.65  4.91

Мешітке келген адамның қалтасындағы ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

4 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында  қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу С. Рахимов көшесінде орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген, оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын көлемі 200 000 теңгеге жуық деп мәлімдейді Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қаскүнем мешітке келушілердің біріне тиесілі күртені киіп, оқиға орнынан жасырынған.

Елорда полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізу барысында оның осыған ұқсас бірқатар ұрлық жасағаны анықталды.   

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті азаматтарды өз мүлкіне қырағы болуға және ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары