Елордада полицей киімін киген азамат ішімдікке сылқия тойып алып, жолаушыларды балағаттап тастады.
NUR.KZ порталына Ақмола облысы Қоянды ауданының тұрғындары мас азаматтың видеосын жолдаған еді.
Бейнежазбада орын алған жайттың қаншалықты рас екенін білу мақсатында, портал тілшілері Ақмола облысындағы ішкі істер департаменті мамандарымен тілдескен еді.
Ведомство өкілдері, аталған бейнежазбаны зерттей келе, ондағы азаматтың құзырлы органдарға еш қатысы жоқ деген тұжырымға келді.
"Портал редакциясына жолданған видеомен егжей-тегжейлі таныстық, осылайша ондағы азаматтың ішкі істер органдарына еш қатысы жоқ деген тұжырымға келіп отырмыз. Яғни, видеода балағат сөз айтқан азамат полицейдің сыртқы киімін еліміздегі дүкендердің бірінен сатып алған болуы мүмкін. Сондықтан, тағы да қайталып айтамын, бейнежазбадағы азамат ішкі істер органдарының қызметкері емес", - деді Ақмола облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Гүлнәра Пинчюк.