$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда көлігімен әйелді қағып, оның денесін суға лақтырып жіберген қылмыскер небәрі 1,5 жылға сотталды

Павлодар облысының прокуратурасы көлігімен әйелді қағып, оның денесін суға лақтырып жіберген ер азаматқа не үшін соншама жеңіл жаза бергенін түсіндірді деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың қазан айында 48 жастағы әйел адамды көлігімен қағып кеткен болатын. Қимылсыз жатқан жәбірленушіні ол өлді деп ойлап, көліктің жүксалғышына салып, суға апарып көлікпен бірге батырып жіберген. Кейін белгілі болғандай, марқұм суға тұншығып қайтыс болыпты. Яғни, жол апатынан кейін ол тірі болған.

Сот болса күдіктіні "байқаусызда кісі өлтіру" бабымен соттап, оны небәрі 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. Мұны естіген қоғам белсенділері жағаларын ұстап отыр. Ал, прокурорлар болса судьяның шешімі әділ дейді.

Әуел баста қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармақтың 10-бөлігі бойынша, яғни бір қылмысты жабу үшін кісі өлтіру дерегімен қозғалыпты. Алайда, прокурорлардың өздері бұл бапты 104-бапқа ("Байқаусызда кісі өлтіру") алмастырған.

"Біздің мұндай шешім қабылдауымыз, сот тергеуі барысында кінәлінің қасақана кісі өлтіргені дәлелденбеді", - дейді Павлодар облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Мырзакеров.

Журналистердің мәлімдеуінше, айыпты ер азамат адам қаққан кезде алкогольді ішімдік ішіп алған екен. Ол алдымен оқиға орнын тастап қашып кеткен. Кейін көлігін жақын маңға тастап, әйелге қайта келіпті. Тіршілік белгілері білінбеген соң ол жәбірленушіні өлді деп санап, көліктің жүксалғышына салған да, суға апарып батырып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары